office@volzhanin.com
Language: KZ  

Барлық түрлерін полиэтилен құбырларын пісіру
үшін жабдықтар өндірісі үшін компания.

+7 (843) 526-72-72

Дилерлік

«Волжанин» зауытында 2009 ж. бастап дилерлік желіні дамыту тұжырымдамасы әзірленді әрі бекітілді. Дилерлік ынтымақтастықты жүзеге асыруды бастау үшін үміткерден мынадай талаптардың орындалуы талап етіледі:
1. Үміткердің қызметінің негізгі түрі мынадай болуға тиіс – полиэтилен құбырларын, фитингтерді, дәнекерлеу аппараттарын немесе басқа да алуан-түрлі жабдықтарды жасап шығарып, сату.
2. Сайтының болуы, сонда, дилерлік шарт жасасқан жағдайда, үміткер «Волжанин» зауытының өнімдері туралы ақпараттарды орналастыруға міндеттенеді.
3. Сауалнаманы толтырып, оны қарау үшін zakaz@volzhanin.com мекенжайына жіберу.

«Волжанин» зауытының дилерлік желісі үнемі ұлғайып келеді. Қазіргі уақытта біздің дилерлеріміз болып табылатын 80-нен астам ұйымдарымыз бар. Сонымен қатар, "Волжанин"ЖШҚ-ңҚазақстан, Өзбекстан, Украина, Белоруссия секілді ТМД елдерінде өкілдері бар. Әрбір дилердің «Волжанин» зауыты алдындағы сату көлемдері бойынша белгілі бір міндеттемелері бар, және бірлескен жарнамалық науқандарға да қатыстырылады. «Волжанин» зауыты өзінің дилерлерін жаңа әзірлемелер, даму перспективалары және ұйымдастырылған науқандар туралы үнемі хабардар етіп отырады.

«Волжанин» зауыты өзінің дилерлік желісін дамытуға мүдделі әрі сондай ынтымақтастық әділетті де шынайы және екеуара пайданың қағидаттарына сүйене отырып дамитындығына кәміл сенеді.
Сіздерге қаржылық тұрақтылық пен өркендеу тілейміз.

Құрметпен, «Волжанин» ЖШҚ директоры
Живикин Я.Н.

Қалайша «Волжанин» зауытының дилері болуға болады?

"Волжанин" ЖШҚ аймақтағы дилерлік желісін кеңейтеді және Сізді ынтымақтастыққа шақырады.

Біздің компаниямыз полиэтилен құбырларын дәнекерлеуге арналған бәсекеге төзімді сапалы жабдықтар шығарады. Өзімізге жоғары талап қоя жүріп, біз өзіміздің бизнес бойынша серіктестерімізге де соншалықты жоғары талаптар қойып отырамыз. Тиімді ынтымақтастықта болу үшін біз полиэтилен құбырларын дәнекерлеуге арналған жабдықтардың сатуға қолма-қол болуын қамтамасыз етеміз, сөйтіп, ол Дилерге кез келген минутта тапсырысты оңай ресімдеуге мүмкіншілік береді.

Біз заңды тұлғалармен де, және жеке тұлғалармен де жұмыс жасаймыз.

Егер де Сіз дәнекерлеу жабдықтарын өткізуші дилер болуға даяр болсаңыз, Сізге мына электронды пошта мекенжайы бойынша zakaz@volzhanin.com немесе факс арқылы үміткер сауалнамасын компаниядағы сату бөліміне жіберу қажет болады.

«ВОЛЖАНИН» ЖШҚ ДИЛЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР КОМПАНИЯНЫҢ САУАЛНАМАСЫ